Су тасқыны
Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.Су тасқынының келтірер зардаптарының қатарына үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахмадина Г.З. Су тасқынының алдын алу, су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек екені жайлы мағлұмат берді.