"Әке -алып бәйтерек"
2024 жылдың 6 мамыр күні 3 сынып жетекшісі С.М. Уксикбаева "Әке-алып бәйтерек" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. Тәрбие сағаты кең ауқымды тақырыпты қамтылып өткізілді. Әкелер түгел келіп, ситуациялық жағдаяттардан шығып, балаларымен би біледі. Оқушылар әкелеріне арнап тақпақтары мен әндерін айтты.