"Мемлекеттік тіл менің тілім"
Мектеп негізі мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен "Мемлекеттік тіл менің тілім" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.