Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Image
12.05.2023ж
Мектеп негізгі мектебі КММ-де "Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы «Жасыл мекен» челленджі.

«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жә
Image
1.10.2023ж
АРДАГЕРІМ - АРДАҒЫМ Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да, аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі - қарттар күні де өтті.
Қадірлі ата-әжелер, бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге ұзақ ғұмыр тілейміз!
7-9 сынып оқушылары ауылдағы қарттарымызға көмек қолын көрсетті.
Image
29.12.2023жыл. Қысқы демалыстың алғашқы күні оқушылар шаңғы тепті.
Тақырыбы: "Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік "
Мақсаты: Балалардың қысқы демалыс кезіндегі үйде ,көшеде қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту.
Image
3.01.2024жыл
Қаңтардың 3-і күні Қысқы демалыста уақытты бос өткізбеу мақсатында бастауыш сынып оқушылары "Қыс бейнесі" тақырыбында көркем еңбек бойынша жұмыстар жасады.
Image
4.01.2024жыл.
Қысқы демалыс кезінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітаптар оқу.
Image
05.01.2024ж
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын пайдалана отырып, ауыл кітапханасына саяхат жасап, әдеби кітаптармен таныстыру.
Image
Image
15.01.2024ж
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да, аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
6-8 сынып оқушылары ауылдағы қарттарымызға көмек қолын көрсетті.
Image
Image
19.01.2024ж
2024 жылдың 19 қаңтарында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "Қожаберген жырау" оқулары, "Кәкімбек Салықов" оқулары, Ғ.Мүсреповтың "Сұлу сөздің зергері" оқуларының аудандық кезеңі өткізілді. Мектебімізден 5-8 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 8-сынып оқушысы Қапар Мөлдір "Кәкімбек Салықов оқуы" бойынша 2-орын , Ғабит Мүсірепов- сөз зергері" монологтарын жатқа айтудан 3- орын , 5-сынып оқушысы Серік Гүлнұр "Ғабит Мүсірепов - сөз зергері" монологты жатқа айтудан 3-орынға иеленіп, Грамоталармен  марапатталды. Әрқашан биің шыңдардан көріне беріңіздер! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Джалмурзаева Ж.У
Image
Image
19.01.2024ж
19 қаңтар " Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы аясында 5-9 сынып қыздарына  Балахметова Р.Б.  қазақтың ою - өрнектерін оюда әрбір оюдың мән- мағынасын жітік түсіндіріп, ою жайлы мағлұматтармен бөлісті.
Image
Image
22.01.2024ж
Мектеп ішінде "Досболlike"  акциясы қарсаңында оқушылар арасында нағыз достықты ажырата білу, достыққа адал болуға үйрету мақсатында 5-9 балаларымен тренинг өткізілді. Топтық жұмыста постер жасап, қорғады.
Image
Image
23.01.2024ж
"Парасат" әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен әке мен бала арасында дойбы ойнаудан өткен сайысқа Балахметов Есен ұлы Нұрдәулетпен қатысып, жүлделі орынға иеленді.
Image
Image
24.01.2024ж
"Парасат" әкелер клубының жоспары бойынша баланың  уақыты бос өтпеу мақсатында үйде жабағыға мінгізіп, жылқы жануарының үстінде қалай отыру керектігін үйретті.
Image
Image
31.01.2024ж
31 қаңтар ұрпақтар сабақтастығын дамыту, білім алушылардың ұлттық өнерге " Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы аясында 5-9 сынып қыздарына Балахметова Р.Б. қазақтың тоқыма бұйымдарын жасау: Гобелен, кесте, бисер, киіз басу, ою - өрнектерін оюда әрбір оюдың мән- мағынасын жітік түсіндіріп, ою жайлы мағлұматтармен бөлісті.

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Мектеп ауылы, Школьная көшесі, 10
Тел.: 8 (71543) 5-12-73
Пошта: mektepskaya_osh@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2024 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx