Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


«Танысқаныма қуаныштымын»

Мақсаты:  Қатысушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, достық пен сыйластыққа баулу.

Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді.А.С. Макаренко.

Құрметті ата- аналар сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздермен ойын арқылы танысайық.

“Адам есімі және қасиеттері” Ата- аналар шеңберде тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы өздерінің есімін атап және сол есімінің бірінші әріпіне сәкес өзінің бойындағы жақсы қасиетін айтады.

Мысалы:

— Аиида – ақылды;

— Нұрсұлу – нәзік;

— Мадина – мейрімді;

— Дильназ – достыққа берік;

 Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

 

Image
Image
Image
27.02.2024ж
" Мектеп негізгі мектебі" КММ жанындағы "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиешісі Даулбаева З. С "Буллингке жол бермеу!" тақырыбында ата- аналармен түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: "Буллинг" сөзінің мағынасын ашу, таныту. Тәрбиеленушілердің арасындағы қорлау, мазақтау намысқа тию жағдайларының алдын алу.
Image
Image
28.02.2024ж
"Мектеп негізгі мектебі" КММ жанындағы "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиешісі Даулбаева З С "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында ата- аналар және тәрбиеленушілермен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларды сыйластыққа, бір- біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс айтуға тәрбиелеу.
Image
Image
Image
"Мектеп негізгі мектебі" КММ-нің Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі З.С.Даулбаеваның ұйымдастыруымен 29 ақпан күні "Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы" тақырыбында зияткерлік ойын өткізді. Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру,  шапшандыққа,  тапқырлыққа тәрбиелеу.
Image
Image
Image
"Мектеп негізгі мектебі" КММ жанындағы "Балбөбек" шағын орталығының тәрбиешісі З.С.Даулбаева "Қош келдің әз Наурыз!" атты ертеңгілік өткізді.  Мақсаты: Тәрбиеленушілерге «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Мектеп ауылы, Школьная көшесі, 10
Тел.: 8 (71543) 5-12-73
Пошта: mektepskaya_osh@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2024 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx